• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР құтқарушылары күн сайын су құбырларында мұздың қатуына байланысты бақылау жүргізеді

ҚР құтқарушылары күн сайын су құбырларында мұздың қатуына байланысты бақылау жүргізеді

18 Қараша, 2015 14:12
ҚР құтқарушылары күн сайын су құбырларында мұздың қатуына байланысты бақылау жүргізеді, деді Қазақстан Республикасының Президенті Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы В. Петров.

«Жылыту маусымы барысында өрттің алдын алу мәселелеріне көп көңіл бөлінеді, өйткені қыс кезінде қауіп тудыратын жылыту пешін орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларын бұзу тұрғын секторында өрт тудырудың негізгі себебінің бірі болады», - деді комитет басшысы.

«Осы себептермен 2014-2015 жылдардағы жылыту кезеңінде 1149 өрт тіркелді, материалдық залал 112 млн. теңгеден артады, өрттен 255 адам қаза болды. Биылғы 1 қазаннан бері бүгінгі күнге дейін еліміздің су айдындарында 27 адам көз жұмды, олардың 20-сы балық аулау кезіндегі қауіпсіздік қағидаларын бұзу салдарынан, балық аулаған 8 адам мұз астына түсіп кетті», - деді ол.

Сондай-ақ, қыс мезгілінде электр жабдықтарының ақаулығынан да өрт саны күрт өседі. Уақтылы ауыстырылмаған электр өткізгіші, жылыту аспаптарын бақылаусыз қолдану, электр желісін асыра жүктеу өрт тудыруға себепші болады.

Анар Тәңірқұлова

Барлық жаңалықтар