• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қалааралық жолдарды қыз мезгілінде тазарту үшін 80 мың тонна дизельді отын бөлінді – ҚР ІІМ ТЖК

Қалааралық жолдарды қыз мезгілінде тазарту үшін 80 мың тонна дизельді отын бөлінді – ҚР ІІМ ТЖК

18 Қараша, 2015 13:48
Қазақстанда қалааралық жолдарды қыз мезгілінде тазарту үшін 80 мың тонна дизельді отын бөлінді, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров ОКҚ-да.

Ағымдағы жылы қыс қытымыр болады. Өткен жылдардағы қыс мезгілінде болған күрделі метеорологиялық жағдайлар шұғыл ден қоюдың барлық қызметтерін мұқият даярлаудың аса маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетеді», - деді ТЖ комитетінің төрағасы.

Оның айтуынша, барлық техника сақадай сай және жолдарды тазарту бойныша жұмыс істейтін көліктер үшін шамамен 80 мың тонна дизельді отынның қоры жасақталды.

«ҚР ІСМ ТЖК барлық күштері толығымен дайын. «Қазавтожол» мен жергілікті атқарушы органдардың күшімен барлық автожол техникасы тексерілді.  «Қазақстан Темiр Жолының» арнайы апатты алдын алу техникалары дайындықтан өтті », - деп түсіндірді ол.

Комитет төрағасы атап өткендей, қыс мезгілінің қауіпсіз өтуі үшін құтқару күштері мен құралдары әуе кемелері мен өтімділігі жоғары арнайы техниканы қоса алғанда жоғары әзірлік режимінде тұр. Күн сайын жауынгерлік кезекшілікке 4 200-ден астам құтқарушы кіреді.

Анар Тәңірқұлова 

Барлық жаңалықтар