Елдің барлық аймақтары «БЖК-2020» бағдарламасына қатысатын болады

5 Қараша, 2013 14:51
Өңірлік дамудың бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев Үкіметтің отырысында елдің барлық аймақтары «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасына қатысатындығын айтты.

« «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша жобалар болмаған аймақтарды қайта қарастырып, жыл соңына дейін 15 ауданды  қосу жоспарланып отыр. Ал 28 аудан  келер жылы қолға алынатын болады. 2014 жылы елдің барлық аймағы бағдарламаға қатысады», - деді Қ. Өскенбаев.

Сонымен қатар, ол жүйелік жұмысты жүзеге асыру үшін  кәсіпкерлердің 10 орталығы ашылғандығын айтты. Келер жылы аталмыш орталық тағы 27 моноқалаларда пайда болады.  

Айта кетейік, 11 қазан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы 43 аудан мен қала «БЖК-2020» бағдарламасына қатыспай жатқандығын атап өткен болатын.

 

 

Барлық жаңалықтар