• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д.Ақышев: ҚР Ұлттық банкі халықтың сенімін қайтару үшін ақпараттық саясатты күшейтеді

Д.Ақышев: ҚР Ұлттық банкі халықтың сенімін қайтару үшін ақпараттық саясатты күшейтеді

18 Қараша, 2015 13:10
Бірінші кезекте біз халықтың сенімін қайтаруымыз керек, бұл біздің қоғам алдындағы ашықтығымыз, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ақордадағы Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«Теңгеге деген сенімді қайтару туралы айтатын болсақ, бірінші кезекте біз Ұлттық банкке деген халықтың сенімін қайта қайтаруымыз керек. Бұл ақпараттық саясат, бұл біздің қоғам алдындағы ашықтығымыз, әр нәрсені түсіндіруге дайын болуымыз. Біз барынша жұмысымызды насихаттауды жоспарлап отырмыз. ҚР Ұлттық банк басшылығы әрқашан БАҚ ортасында және қоғамға қалыптасқан жағдайды түсіндіруде», - деп мәлімдеді Д. Ақышев.

Ұлттық банк басшысының айтуынша, доллардан бас тарту қарапайым халық есебінен жүргізілмеуі тиіс.

«Біз бірінші кезекте халық өз ақшасын теңгелей сақтауы үшін дұрыс экономикалық қолдау шараларын жасақтауымыз керек. Осы ретте, әкімшілік шаралар да алдын ала талқылауды және керек болса түзетуді қажет етеді», - деді ол.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар