- Басты
- Жаңалықтар
- Ресей ғалымдары Қазақ хандығының 550-жылдығы мерейтойына арнайы халықаралық конференциясын өткізді (ФОТО)
Ресей ғалымдары Қазақ хандығының 550-жылдығы мерейтойына арнайы халықаралық конференциясын өткізді (ФОТО)
Конференцияны Ресейдегі Қазақстан Елшілігі жәрдемімен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университетінің Азия және Африка елдері институты (бұдан әрі – ААЕИ) және Ресей мемлекеттік кітапханасының Шығыс әдебиетінің орталығы бірлесіп ұйымдастырды.
Форумда Ресейдің, Қазақстанның, Әзербайжанның, Қытайдың, Түркияның, Өзбекстанның және Қырғызстанның көптеген тарихшылары, филологтары және шығыстанушылары бірге жиналды. Конференцияға тарих, лингвистика, саясаттану және экономика саласындағы 140-тан астам ғалымдар өз ғылыми сұхбаттарын арнайы жазып жіберді. Конференция шеңберінде ғалымдар руна жазбаларын зерттеуден бастап, XXI ғасырда еуразиялық сәйкестілігін айқындау тақырыбына дейін, көне арабтардың Орталық Азия өңірі туралы географиялық түсініктемелерінен, Жаңа Жібек жолының қалыптастыру проблемаларына дейін түрлі мәселелерді көтерді.
Конференцияны бастау сөзінде М.В.Ломоносов атындағы ММУ ААЕИ президенті Михаил Мейер қазіргі тарихи және жазба деректерге суйене отырып, Қазақ хандығының тарихы бес ғасырмен шектелмейтінін және одан да көне замандарда қалыптаса бастағанын нақты айтуға болады деді. "Бұл конференцияның тақырыбы "Түркі Ел ден Қазақ хандығына" деп аталғаны да сондықтан", – ерекше айтып өтті М.Мейер.
Мейер Қазақ хандығының ұзақ әскери-саяси тұрақтылығына назар салды, және өзге ортағасырдағы мемлекет құрылымдарымен салыстырғанда Қазақ хандығының көршілес отырықшы аймақтарымен бебіт қарым-қатынаста болғаны сол заманда сирек кездесетін ерекшелігі ретінде белгілеп өтті. ААЕИ президенті конференцияда бірнеше шетелдік ғалымдары қатысып отырғанына алғысын білдіріп, бұл іс-шара еуразиялық және түркітілді кеңістігінде ғылыми байланыстарының нығая түскендігін көрсетті деді.
Форумға қатысқан Ресейдегі Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Марат Сыздықов Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мынадай сөздерін келтіріп айтты: "Қазақ хандығы мемлекет одағы ретінде қазақ халқының қалыптасуына үлкен үлес қосты. Бүгінгі таңда Қазақстан мемлекеттілігінің бұрыңғы дәстүрлерін қайта тірілтіп қоймай, алдағы XXI ғасырдың түсініктемелеріне сай жаңа мемлекеттіліктің нысанын құруға ұмтылуда. Бұл бағытта мемлекеттілігіміздің бай тарихи тәжірибесіне сүйенуіміз қажет. Жарқын болашақты армандай отырып, өткен абыройлы уақытты ұмытпау тиіспіз".
Дипломаттың пікірі бойынша, соңғы екі мың жыл ішінде Қазақстан аумағында жиырмаға жуық мемлекеттік құрылымдар болды, ал осыдан 550 жыл бұрын Еуразия континентінің ортасында пайда болған Қазақ хандығы көшпелі өркениеттің ең белгілі туындыларының біріне айналды. Содан бері дамып келе жатқан қазақ халқының сан ғасырлық мемлекеттілігі қазіргі Қазақстан Республикасы ретінде қалыптасты.
Тарихи материалдарды зерттеу бойынша республикалық ақпарат орталығының директоры Меруерт Абусеитованың айтуынша, бұрын Қазақстан тарихында ерекше көңіл бөлуін және арнайы зерттеу жүргізуді талап ететін "тарихтың ақ таңдақтары" көп болатын. М.Абусеитова еліміздің тарихын зерттеу барысында соңғы ашылған ғылыми жаңалықтар туралы баяндап берді және осы орайда "мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру арқасында Қазақстан мемлекеттілігінің тарихын әділ зерттеу үшін отандық деректемелі және ақпаратты-талдамалы қорын аса қажетті бірегей жасандыларымен, архивты материалдар көшірмелерімен толтыруға әрі кеңейтуге мүмкіндік беріліп отырғанын" ерекеше айтып өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»