• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда мемлекеттік қолдау жоғары экспорттық әлеуетке ие кәсіпорындарға ғана көрсетіледі – Досаев

Қазақстанда мемлекеттік қолдау жоғары экспорттық әлеуетке ие кәсіпорындарға ғана көрсетіледі – Досаев

18 Қараша, 2015 12:32
Қазақстанда мемлекеттік көмек жоғары экспорттық әлеуетке ие кәсіпорындарға ғана көрсетіледі. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Төртінші басымдық – құрылымдық реформалар мен экономиканы әртараптандыру. Сервистік-индустриялдық саясаттың тиімділігін көтеру мақсатында өндірістік саясаттың  қосымша шараларына ден қою қажет. Онда басты рөлді жеке сектор ойнайтын болады. Мемлекеттік қолдау жоғары экспорттық әлеуетке ие кәсіпорындарға ғана көрсетіледі», - деді Е.Досаев.

Инвестицияларды тартудың маңызды факторларының бірі Қытайдан Қазақстанға өндірістерді көшіру бойынша инвестициялық бағдарлама болып табылады.

«Бұл бізге тек инвестиция тартуға ғана емес, ұзақмерзімді инвестициялық дамудың негізін қалауға мүмкіндік береді», - деді ол.

Барлық жаңалықтар