• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда қызмет көрсету саласында халықты жұмыспен қамту өсімі күтілуде – ҰЭМ

Қазақстанда қызмет көрсету саласында халықты жұмыспен қамту өсімі күтілуде – ҰЭМ

18 Қараша, 2015 12:27
Қазақстанда Алматы, Астана,Ақтөбе және Шымкент қалаларының агломерациясын дамыту нәтижесінде қызмет көрсету саласында жұмысқа орналасушылар саны көбейді. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Басты басымдықта адамзатттық капиталды дамыту болып табылады. Еңбек нарығы өндірістік емес секторлар ағынынан өндірістік экономика саласына өтуге дайындалуы тиіс. Австралия мен Канаданың  мысалы бойынша  жұмыспен қамту ұлғаяды, бірінші кезекте қызмет көрсету саласы Алматы, Астана,Ақтөбе және Шымкент қалаларының агломерациясын дамыту нәтижесінде жүзеге асырылады», - деді министр.

Министрдің айтуынша, жаңа Еңбек кодексі бойынша еңбек қатынасын либеризациялау қарастырылған.

«Мекен-жайлық-әлеуметтік көмектің жаңа форматы енгізіледі, ол мұқтаж адамдарға беріледі. 2017 жылдан бастап міндетті медициналық сақтандыру енгізіледі. Білім беру саласында 12 жылдық білім алу мен жоғарғы білім алуда халықаралық дәрежедегі аккредиттеу енгізу қарастырылған. Макроэкономикалық тұрақтылық  ақашалай-несиелік және салықтық-бюджеттік саясат Үкімет пен Ұлттық банк арқылы жүзеге асырылады. Алдағы болашақта ақшалай несиелік саясаттың басты мақсаты бағаның тұрақтылығы мен инфляцияны қадағалау», - деді Е.Досаев.

 

Барлық жаңалықтар