• Басты
  • Жаңалықтар
  • Бюджеттік саясаттың негізгі басымдығы ресурстарды қатаң үнемдеу болуы тиіс – министр

Бюджеттік саясаттың негізгі басымдығы ресурстарды қатаң үнемдеу болуы тиіс – министр

18 Қараша, 2015 12:04
Бюджеттік саясаттың негізгі басымдығы ресурстарды қатаң үнемдеу болуы тиіс. Бұл туралы бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев мәлім етті.

«Бюджеттік саясаттың негізгі басымдығы бюджеттік ресурстарды үнемдеу, ҚР Ұлттық қорының қаржысын орынды қолдану мен мемқызметті тиімділігін арттыру», - деді министр.

Е.Досаев айтып өткендей, мемлекеттік бюджетке күрделі шығынның сервистік моделіне көшу арқылы қысымды азайту қажет.

«Осы жылы 2016 жылға арналған бюджет жобасында ақпараттық сервистерді қолдау бойынша күрделі шығындар алынып тасталды. Серіктестерді іздеуге көшетін боламыз», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

 

Барлық жаңалықтар