- Басты
- Жаңалықтар
- Е. Досаев: Қазақстан экономикасының биылғы 10 айдағы өсімі 1 пайызға өсті
Е. Досаев: Қазақстан экономикасының биылғы 10 айдағы өсімі 1 пайызға өсті
Жалпы, министр атап өткендей, Қазақстан экономикасы осы жылы әлемдік экономика бәсеңдеуі мен негізгі шикізаттық тауарына сұраныс жағдайында дамуда.
Биылғы 10 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала нәтижесіне тоқталған министр: «Қабылданған инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында және 2015-2016 жылдарға арналған Үкіметтің шұғыл шаралары жоспары аясында Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады»,-деді.
Оның сөзіне қарағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемінің 2,2 пайызға төмендеуі салдарынан өнеркәсіптік өндіріс 1,3 пайызға азайды. Өңдеуші өнеркәсіп 0,5 пайыз деңгейінде тұрақты өсімді көрсетіп отыр.
Сонымен қатар ол жоспарланған деңгейден мұнай өндіру көлемінің 1,5 млн. тоннаға төмендеуі ЖІӨ-ге кері әсерін тигізетінін жеткізді. Инвестициялық капитал биыл 3,8 пайызға өскен көрінеді, бірінші кезекте ол «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы инвестициялық бағдарламаның арқасында артты.
Қазақстанның экспорттық тауарына бағаның түсуі негізінде экспорт 42,5 пайызға, импорт 23,8 пайызға қысқарды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда