• Басты
  • Жаңалықтар
  • Е.Досаев: Экономикалық саясатты Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына негіздеу көзделуде

Е.Досаев: Экономикалық саясатты Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына негіздеу көзделуде

18 Қараша, 2015 11:49
Экономикалық саясаттың негізгі шаларарын Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына негіздеу көзделуде. Бұл ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы жедел шаралары мен жаңа құрылымдық экономиканы жасақтау бойынша жүйелі шаралар, деп хабарлады ҚР ұлттық экономика министрі Ерболат Дорсаев Ақордада Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

«5 институционалды реформа мен Ұлт жоспары -  «100 нақты қадам» Қазақстанның жаңа экономикалық үлгісін анықтайды және ұзақмерзімді даму үшін берік іргетас қалауда. Жаңа үлгі барынша нақты басымдықтарды пайдалануға, адам капиталына, қолайлы инвестициялық климатты жасақтауға негізделеді», - деді Е. Досаев.

ҰЭМ басшысы атап өткендей, Экономикалық саясаттың негізгі шараларын Үкіметтің дағдарысқа қарсы шараларына негіздеу көзделуде. Бұл ҚР Үкіметінің дағдарысқа қарсы жедел шаралары мен жаңа құрылымдық экономиканы жасақтау бойынша жүйелі шаралар.  

«Бірінші бағыт бойынша төрт басымдық берілген. Алғашқысы – даму, жеке капиталдың бәсекеге қабілеттілігі. Ауқымды жекешелендіру жүргізіледі және  Yellow Pages Rules принціпі енгізіледі», - деді министр.

Естеріңізге сала кетейік, Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Келелі отырыста 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық аралық қорытындылары шығарылып, әлемдік экономикадағы дағдарыстық үрдістер ескеріле отырып алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар қаралатын болады. «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын, сондай-ақ индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жағдайы талқыланады деп жоспарланған. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жаңа жағдайға байланысты қолдау көрсету шараларына ерекше көңіл бөлінеді.  Сонымен бірге, отырыстың күн тәртібіне инвестициялық тартымдылықты арттыру және жекешелендіру жұмыстарын одан әрі жүргізу мәселелері шығарылатын болады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар