• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Премьер-Министрі АШМ-не ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша салалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрі АШМ-не ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша салалық бағдарлама әзірлеуді тапсырды

5 Қараша, 2013 14:25
Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов Ауыл шаруашылығы министрлігіне ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бойынша салалық бағдарламаны әзірлеуді тапсырды.

«Қайта өңдеуге қатысты мен барлық бағыттар бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеудің бірыңғай кешенді жоспарын құру бойынша тапсырма бергенмін. Мұны шеберлік жоспарынан салалық бағдарлама деңгейіне шығару қажет», - деді С.Ахметов АШМ басшысы Асылжан Мамытбековке айтқан сөзінде.

Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы агроөнімдерді қайта өңдеу мәселелері шикізаттың, заңнамалық және салалық базалардың жетіспеушілігіне байланысты екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар