Петропавлда ұйымдастырылмаған базарлар жаңғыртылуда

18 Қараша, 2015 14:47
Аймақ басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығындағы жұмыс сапары барысында Петропавлдағы сауда алаңдарын аралады, деп хабарлады әкімдік.

Алғаш болып «Дәрия» базарына ат басын тіреді. Кәсіпорын өз қаржысы есебінен мұнда шамамен 10 млн теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізді. Қайта қалпына келтіру жұмыстарының барысы туралы «Дәрия» базары» ЖШС директорының орынбасары Юрий Кузнецов әңгімелеп берді.

«Шатырға жөндеу жұмыстары жүргізілді, толығымен электр сымдары алмастырды. Абай көшесі жағыннан кіреберісті толығымен жөндеуден өткіздік», - деп атап өтті Ю. Кузнецов.

Қазіргі таңда Интернациональный көшесі жағынан кіреберіске жөндеу жүргізілуде. Бұдан басқа, жаңа 50 аула павильондары орнатылды. Нысанның бойындағы 22 бейнебақылау камерасы жөндеуден өтті.

Содан кейін облыс басшысы азық-түлік сатылмайтын «Алатау» базарын аралады. Мұнда жөндеу жұмыстары 2016 жылы басталады. «Интава»ЖШС директоры  Василия Филиппованың айтуынша, жол картасы жасақталған.

2016 жылы «Олжа» көтерме-бөлшек сауда базарын іске қосу жоспарланған. Сауда алаңының директоры Сәуле Айсенованың айтуынша,  бүгінде көрші Ресейден келген жалға алушылар бар, олар осында жұмыс істеуге әзір.

Базардың аумағы 2 мың шаршы метрден асады. Жоба құны 140 млн теңгеден асады. Ол «БЖК-2020» бағдарламасы аясында іске асырылуда.

Жалпы, Елбасының тапсырмасы бойынша СҚО-да ұйымдастырылмаған базарларды жаңғырту бойынша жұмыстар кең ауқымда жүргізілуде.

Барлық жаңалықтар