Павлодар облысында биыл 663,8 мың га астық жиналды – әкімдік

18 Қараша, 2015 17:53
Павлодар облысында биыл 663,8 мың га астық жиналды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылы өнім жинау алқабы келесіні құрады:дәнді дақылдар – 663,8 мың га (2014 жылы – 622,6 мың га), майлы дақылдар – 142,1 мың га (128,2 мың га), азықтық дақылдар – 65,8 мың га (37,4 мың га), картоп – 17,1 мың га (14,6 мың га), көкөніс пен бақша дақылдары – 7,7 мың га (6,9 мың га).

Көктемгі дала жұмыстарына және өнім жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 2 335,0 млн. теңге сомасында жәрдемақша төленді. «ҚазАгро» АҚ құрылымдық бөлімшелері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге 3 млрд. 681  млн. теңге сомасына несие берді. Мемлекет көрсетіп отырған қолдаудың арқасында көктемгі дала жұмыстары оңтайлы мерзімде жүргізілді.      

Қала және аудан әкімдіктері ұсынған жедел ақпарат бойынша бүгінгі таңда дәнді дақылдар 100% жиылып, басылған (663,8 мың га), жалпы өнім 709,9 мың тоннаны немесе былтырғы деңгейге 195% құрайды (2014 жылы - 364,4 мың тонна), орташа шығымдылық – 10,7 ц/га (2014 ж – 5,9 ц/га).

Барынша мол өнім жиған аудандар: Ертіс ауданы – 13,5 ц/га, Железин ауданы – 12,5 ц/га, Успен ауданы – 12,0 ц/га.

Облыс көкөнісшілері жиған өнім:картоп  – 428,5 мың тонна немесе өткен жылғы деңгейге 122% (2014 жылы - 351,1 мың тонна), шығымдылығы 250 ц/га;көкөніс - 189,4 мың тонна немесе 103% (2014 жылы - 183,7 мың тонна) орташа шығымдылығы 335 ц/га;бақша дақылдары - 56,1 мың тонна немесе 173% (2014 жылы - 32,5 мың тонна) орташа шығымдылығы 264 ц/га.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің ылғал астықты өңдеуге және кептіруге арналған өндірімділігі сағатына 2049 тонна болатын 68 астық кептіргіші жұмыс істеп тұр.

Мал шаруашылығын құнарлы азықпен қамтамасыз ету үшін және малды қыстан аман алып қалу үшін келесідей азық әзірленіп қойды:шөп - 1084 мың тонна, бұл қажетті мөлшердің 122 %-ын құрайды (2014 ж. – 854,8 мың тонна), сабан – 250,7 мың тонна (2014 ж. – 154,3 мың тонна), силос   -  115,0 мың тонна (2014 ж. – 65,6 мың тонна), пішендеме – 43,7 мың тонна (2014 ж. – 24,3 мың тонна).

 

Барлық жаңалықтар