- Басты
- Жаңалықтар
- Биыл ОҚО-да 3 мың құрылыс нысаны пайдалануға берілді
Биыл ОҚО-да 3 мың құрылыс нысаны пайдалануға берілді
Облыс әкімдігі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысында жалпы 1102 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде бюджеттік нысан 644 болса, коммерциялық ғимараттардың саны 458-ді құрайды.
Басқарманың құрылыс инспекторлары тарапынан облыстың аудан, қалаларында құрылысы жүріп жатқан нысандарға 4001 рет тексеру, бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 273 әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде, 49 соттың қарауына жіберу жөнінде хаттама толтырылды.
Сонымен қатар, жалпы сомасы 50 млн. теңге болатын 223 нысанға әкімшілік айыппұл салынды. Басқарма өкілдерінің хабарлауынша, облыс аумағында заңсыз және мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзған 196 құрылыс нысанына тексеру тағайындау актілері дайындалып, 106 нысанға әкімшілік іс қозғалды.
Оның ішінде соғылып жатқан 30 заңсыз құрылыс нысанын бұзу үшін сотқа жолданды. Бүгінгі күні 5 нысанды бұзуға сот шешімі шықты. Сондай-ақ, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына 10 айда лицензия алуға және қайта рәсімдеу бойынша 800-ден астам өтініш келіп түссе, оның 631-і біліктілік талаптарына, құжаттардың толық болмауына байланысты өтініштері кері қайтарылған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Ядролық сынақтың салдарына баға берілді ме? -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты