• Басты
  • Жаңалықтар
  • Ақордада Елбасының қатысуымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды (ФОТО)

Ақордада Елбасының қатысуымен ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы басталды (ФОТО)

18 Қараша, 2015 11:09
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды.

Келелі отырыста 2015 жылдың әлеуметтік-экономикалық аралық қорытындылары шығарылып, әлемдік экономикадағы дағдарыстық үрдістер ескеріле отырып алдағы кезеңге арналған негізгі жоспарлар қаралатын болады.

«100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын, сондай-ақ индустриялық және инфрақұрылымдық бағдарламаларды жүзеге асыру жағдайы талқыланады деп жоспарланған. Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жаңа жағдайға байланысты қолдау көрсету шараларына ерекше көңіл бөлінеді.

Сонымен бірге, отырыстың күн тәртібіне инвестициялық тартымдылықты арттыру және жекешелендіру жұмыстарын одан әрі жүргізу мәселелері шығарылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысы бұған дейін 2015 жылдың 5 мамырында өтті. Онда «100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 5 институционалды реформа  іске асыру барысы талқыланды.

Ботагөз Айтжанова

Суретке түсірген Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар