- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысында жергілікті маңыздағы жолдар 3,5 млрд теңгеге жөнделді
Павлодар облысында жергілікті маңыздағы жолдар 3,5 млрд теңгеге жөнделді
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 4 148,4 километрді құрайды.
Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарына арналған қаражат жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінді. Мысалға, Шақат-Восточное-Шалдай (94-98 км) автожолының 4 километрі республикалық бюджет есебінен жаңартылды. Оған қоса, Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде Екібастұз қаласы көшелерінің 4 телімінде (2,4 км) жаңарту жұмыстары және 6 телімінде (5,8 км), сондай-ақ Ақсу қаласы көшелерінің 1 телімінде (0,7 км) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын іске асыру аясында Май ауданындағы Қызыл Октябрь-Жаңа Ақшиман (0-9,5 км); (6-23 км) аудандық маңызы бар автожолының ағымдағы жөндеу жұмысы орындалды.
Биылғы жылы ҚР Үкіметі қорынан облыстық әкімдікке мақсатты ағымдағы трансферттер түрінде облыстық және аудандық маңыздағы автожолдардың күрделі жөндеу жұмыстарына 939,5 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Қазіргі уақытта бұл телімдердегі жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Баянауыл ауданында аудандық жолдардың бес телімінде (Қарашат-Жанатілек-Жаңа жайма, Алексеевка-Жаңажол, Жаңажол-Ескелді, Тендік-Ұзынбұлақ, Баянауыл-Угольное) күрделі жөндеу жұмыстары көзделген мерзімінде аяқталған жоқ. Оған қоса, аудандық автожолдардың жекелеген телімдерінде (Көкдомбақ, Теңдік ауылдарына кірер жолдар) құрылыс мерзімінің орындалмауы және бюджеттік қаражаттың игерілмеуі мүмкін.
2015 жылы жергілікті маңызы бар автожолдарды қысқы кезеңде күтіп ұстауға бюджеттен 498,5 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді. Облыстық маңызы бар автожолдарды қыста күтуге арналған 74 бірлік жол техникасы дайын тұр.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері