- Басты
- Жаңалықтар
- «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 өндірушіге 90 мың бас аналық қой сатып алуға қаржы берілді
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 300 өндірушіге 90 мың бас аналық қой сатып алуға қаржы берілді
«Алтын асық» бағдарламасының мақсаты «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасы аясында ауыл шаруашылық тауар өндірушілерін ынтыландыру үшін шағын және орта бизнеске қолдау көрсету болып табылады. Бұдан өзге шаруаларға несие теңгемен және негізгі қарызды өтеу екі жылға дейінгі жеңілдік мерзіммен беріледі. Бұл ретте несие рәсімдеу барысында ешқандай қосымша комиссия алынбайды және несиені өтеудің кестесін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өздеріне ыңғайлы уақытпен белгілей алады.
«Алтын асық» бағдарламасының несиесі арқасында фермерлер еліміздегі қой басын көбейту, қой еті өндірісін арттыру және ата кәсіп қой шаруашылығындағы жүн мен тері секілді шикізат түрлерін де дамытуды қолға алған. Осылайша отандық қой өсірушілер еліміз экономикасының дамуына да өз үлестерін қосып отыр.
Қазақстандағы қой шаруашылығын дамыту үшін «Алтын асық» бағдарламасы бойынша бүгінгі күні 327 ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне жалпы сомасы 2 млрд. 500 млн. теңгеден аса несие берілді. Бұл қаражатқа қазіргі күні 90 мыңнан аса аналық бас қой сатып алынды.
Бұл бағдарлама бойынша, қазірде несие беру көлемі жағынан Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Батыс Қазақстан облыстары көш бастап тұр.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды