• Басты
  • Жаңалықтар
  • Үнді компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін бір жолға қоймақшы

Үнді компаниясы Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының өндірісін бір жолға қоймақшы

18 Қараша, 2015 10:02
Астанада «KAZNEX INVEST» АҚ мен «Sonalika Group» үнді компаниясының өкілдерінің кездесуі өтті, деп ұлттық агенттіктен хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 2015 жылдың маусым айында елімізде  Қазақстан-Үндістан бизнес форумы өткізілген болатын. Онда Қазақстанның барлық өндірістік мүмкіндіктері жан-жақты таныстырылды. Аталмыш шара аясында «KAZNEX INVEST»АҚ мен  «Sonalika Group» компаниясы өзара түсіністік туралы сәйкесінше меморандумға қол қойды.

Кездесу аясында «KAZNEX INVEST»АҚ-ның инвестиция алды жұмыстары бойынша департаментінің бастығы Рахат Мұхтаров инвесторларға инвестициялық преференцияларды алу мүмкіндіктері мен тәртібін түсіндірді.

Айта кетейік, «Sonalika Group» компаниясы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін үнділік үздік үштік қатарына кіреді. Ол  тракторлар, комбайндар, «Sonalika» мен «Solis» брендттерімен барлық қажетті техниканы өндіреді.

Барлық жаңалықтар