ҚР ИЖТМ 2013 жылдың соңына дейін АЭА-ды оңтайландыруды жүргізеді

5 Қараша, 2013 14:05
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі ағымдағы жылдың соңына дейін нақты арнайы экономикалық аймақтардың (АЭА) жұмыс істеуі немесе жабылуы бойынша ұсыныстар енгізеді, деп хабарлады ведомство басшысы Әсет Исекешев ҚР Үкіметі отырысынд, деп Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

«Жазда біз Сингапурдан атақты сарапшыларды шақырдық, олар әр АЭА бойынша толығымен талдау жүргізіп, әрі қарай қалай дамыту керектігі жөнінде стратегия дайындады.  Ағымдағы жылдың желтоқсанының соңына дейін бізде бұл талдау толық аяқталады, және біз нақты АЭА-дың жұмыс істеуі немесе жабылуы туралы ұсыныстар енгіземіз», - деді Ә.Исекешев.

«Осы талдауды күтуді ұсынамын, 15 желтоқсанда оны толығымен аяқтаймыз», - деп нақтылады ведомство басшысы.

Ә.Исекешевтің айтуынша, мұндай шаралар кейбір АЭА қызметінің тиімсіздігінен пайда болған. Нақты айтқанда, АЭА жұмыстарының кемшіліктерінің ішінен ол жер-жерлердегі жобалардың әлсіз іріктелуін, тікелей инвестициялардың жеткіліксіз көлемін, инфрақұрылымды толық қаржыландырмауды атап өтті. 

 

Барлық жаңалықтар