Қостанай облысында 8 жаңа жергілікті пункт газдандырылады – әкімдік

18 Қараша, 2015 09:46
Астанада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтың жұмыс сапары аясында облыс әкімі мен «ҚазМұнайГаз» және «ҚазТрансГаз» АҚ арасында ынтымақтастық туралы меморандум түзілді.

Облыс әкімдігі хабарлағандай,   тараптар өңірдің тұрақты экономикалық өсімін қамту, газбен қамту, газ құрылғыларын  қамтамасыз ету  бойынша ұзақмерзімді ынтымақтастық құрды.

« «ҚазТрансГаз» АҚ меморандумына сәйкес, облыста 8 жергілікті пунктті газ құбырларымен қамту және жүйелердің құрылысын жүргізу мәселелері талқыланған. Олар: Әулиекөл, Аманқарағай станциясы, Октябрь ауданының Лисаковск ауылы, Қарабалық ауданының Тоғұзақ ауылы, Алчановка ауылы, Антоновка, Федоровка ауылы», - делінген хабарламада.

Бұл шаралар Қостанай облысының газбен қамтылуын 53,4 пайыздан 60,3 пайызға жеткізеді.

Алдын ала есеп бойынша мемлекеттік сарапшылар қорытындыларына сәйкес, «ҚазТрансГаз» АҚ 2016-2017 жылдары 7 млрд теңге қаржы құйса, облыстық бюджеттен 2 млрд теңге бөлінді.

 

 

Барлық жаңалықтар