- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада «Нұрлы жол» жобаларының құрылысында пайдаланылып жатқан отандық құбырлар таныстырылды (ФОТО)
Астанада «Нұрлы жол» жобаларының құрылысында пайдаланылып жатқан отандық құбырлар таныстырылды (ФОТО)

«ТКШ – ол «жасыл» экономиканың драйвері. Бүгінгі шара Қазақстанның «жасыл» экономикаға бет алғанын байқатады. Бізде стратегиялық құжаттар бар, ол бүкіл Қазақстанды және ТКШ саласын жаңа инновациялық технологияларға, энерготиімділікке көшуге итермелейді»,- деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева.
«ТКШ - ЭКСПО – 2015» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қатысушыларының бірі - Павлодар облысының өнеркәсіптік құбырлар өндірісі бойынша кәсіпорны.
«ArInvest» компаниясы – Павлодар облысының заманауи жоғары технологиялы кәсіпорны, ол полиэтилен және алдын ала бекітілген құбырлардың өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда біздің өнім Қазақстанның түрлі аймақтарында құбырларды жүргізу барысында пайдаланылады», - деді аймақтық сатылымдар бойынша коммерциялық бөлімнің қызметкері Олег Стегайло.
Компания өкілінің айтуынша, зауыттың қуаттылығы жылына алдынала оқшауланған 350 000 метр және 500 000 метр полиэтилен құбырларын, сонымен қатар қалыпқа құйылған өніндердің 20 000 данасын өндіруге жетеді.
«Компания 2009 жылы іске қосылды, ал 2010 жылы алғашқы өнім шығарылды. 2011 жылы өндірілетін өнім түрлері ұлғайтылды. 2012 жылы негізгі өнім түрінен басқа су қысымына шыдас беретін полиэтилен құбырларын өндіруге мүмкіндік туды», - деп толықтырды ол.
Бұл құбыр түрінің артықшылығы жылуды барынша аз көлемде жоғалтуында. «Егер қарапайым жылу трассалары 5-6 жыл қызмет етсе, аталмыш өнім 30-50 жылға дейін шыдас береді. Біздің құбырлар «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру барысында пайдаланылып келеді, сонымен қатар олар бұған дейін «Хан Шатыр» СОСО сынды ірі нысандардың құрылысында пайдаланған. Қазақстанда біз кеңінен танымалмыз, барлық аймақтарда өкілдіктеріміз бар. Біздің көрмедегі мақсатымыз – өнімді сату кеңістігін кеңейту», - деп толықтырды маман.
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Әлиев
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды
-
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі
-
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі
-
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары
-
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы
-
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады
-
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды
-
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар
-
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp
-
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті
-
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар
-
«Нұрлы жол»: Жолдағы қызмет көрсету нысандары, ақылы жолдар және кадр тапшылығы
-
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді
-
«Тәуелсiздiк ұрпақтары» және «Профнавигация» жобаларының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері

