ҮЕҰ мақсатты топ пен мемлекет арасындағы делдал – депутат

17 Қараша, 2015 18:17
Үкіметтік емес ұйым мақсатты топ пен мемлекет арасындағы делдал, деді Парламент Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Strategy2050.kz АА берген сұхбатында.

«Белгілі болғандай, үкіметтік емес ұйымдар туралы заң қабылданды, бірқатар бөлімдер бойынша ҮЕҰ үшін сыйлықтар мен гранттар қарастырылған, екіншіден, бұл режим оператор арқылы жүзеге асырылса, үшіншісі үкіметтік емес ұйым тіркелуі міндетті реестр шығады», - деді ол.

Депутаттың айтуынша, азаматтардың қажетіліктерін қарайтын кеңес құрылады, себебі үкіметтік емес ұйымдар мақсатты топ пен мемлекет арасындағы делдал қызметін атқарады.

А.Соловьева атап өткендей, үкіметтік емес ұйымдар өз қызметін сапалы орындап мақсатты топқа ақпаратты дұрыс жеткізуі керек.

«Бізде ҮЕҰ туралы әр түрлі мәлімет бар, бір деректер бойынша 37 мың кейбіреуі 50 мың десе, үшінші тарап 27 мың дейді. Сондықтан тіркелу олардың нақты санын білуге бағытталған. Олардың қызмет ету бағыты мен мақсаты белгіленеді», - деді ол.

Депутат айтқандай, егер реестрге жарты жыл көлемінде тіркелмей өзі туралы ақпарат енгізбесе олардың  жұмысы тоқтатылады.

Индира Кауметова

Барлық жаңалықтар