• Басты
  • Жаңалықтар
  • Венада қазақстандық компаниялар Австрия машина жасаушыларының форумына қатысты

Венада қазақстандық компаниялар Австрия машина жасаушыларының форумына қатысты

17 Қараша, 2015 17:01
Бүгін Венада Австрияның федералды экономика палатасының мекемесінде «Австрия машина жасаушыларының форумы-2015» өтті. Шарада әлем компаниялары таныстырылды, қазақстандық компаниялар да іскерлік әріптестері мен әлеуетті жеткізушілер, тұтынушылармен кездесіп, машина жасау саласындағы соңғы әдістер туралы ақпарат алды.

Сондай-ақ, жүйені кеңейтіп, жаңа іскерлік серіктестерді табу мүмкіндігі туды, 2В2 кездесулерінде жаңа жобалар әзірленіп, трансшекаралық байланыстар мен австралиялық соңғы әдістер туралы ақпарат алынды.

«Екіжақты ынтымақтастық аясында Австрия мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 12 есеге өскен. Австрия ТМД құрамына енбейтін елдер ішінде Қазақстанның төртінші серіктесі болып есептеледі. 2014 жылдың қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымының көлемі 3,1 млрд еуроны құрады. Қазақстан мен Австрия ынтымақтастығы екі жақты келісім аясында екі ел экономикасының дамуына аса әсер етуі мүмкін», - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Мейрам Пішембаев.

Ол атап өткендей, Қазақстан-Австрия дамуының басым бағыттарының бірі: машина жасау саласы, инвестициялық ынтымақтастық және шағын және орта бизнес серіктестігі. Қазақстанға шетелдік компанияларды тарту үшін 10 арнайы экономикалық аймақ пен 2 индустриялды аймақ ашылды. Қазіргі таңа Қазақстанда 140 кәсіпорын тіркелген.

Форумға 20 елдің 200 компаниясы қатысады. 

Барлық жаңалықтар