ЕҚДБ «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық жобаларын қаржыландырады

17 Қараша, 2015 16:29
ЕҚДБ «Самұрық-Энерго» АҚ энергетикалық жобаларын қаржыландырады, деді ОКҚ-да «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

«2015 жылы индустрияландыру картасы аясында Ерейментау қ. ауданында қуаты 45 МВт жел электр станциясын салу бойынша жобаның аяқталуы қамтамасыз етілді. Станция өндіретін электр энергиясы ЭКСПО-2017  халықаралық көрме объектілері инфрақұрылымының мұқтаждары үшін пайдаланылатын болады. Таза Технологиялар қорымен бірлесіп, жобаны жел паркінің қуатын 50 МВт-ға кеңейту бойынша дайындық жүргізілуде, оны Еуропа Қайта құру және Даму Банкі қаржыландырады», - деді А.Сәтқалиев.

2016 жылы «Ақтөбе ЖЭО» АҚ-да қуаты 30 МВт жаңа турбиналы генераторды іске қосу жоспарлануда, бұл станцияның қуатын 88 МВт-дан 118 МВт-ға дейін ұлғайтады.

«2-МҮИИДБ аясында Оңтүстік Қазақстан облысында Шардара ГЭС-ін жаңғырту жобасы іске асырылуда. 2017 жылы ауқымды қайта құру аяқталғаннан кейін станцияның қуаты 26%-ға (100 МВт-дан 126 МВт-ға дейін) өседі. Аталған жоба жеңілдікті шарттармен теңгемен қарыз беретін ЕҚДБ қатысуымен іске асырылуда. Мемлекет басшысының Ұлыбританияға ресми сапары аясында 2015 жылғы 3 қарашада Лондон қаласында ЕҚДБ-мен тиісті келісімге қол қойылды», - деді ол.

Қазақстан-Британия іскерлік кеңесі барысында «Самұрық-Энерго» компаниясының Басқарма Төрағасы А. Сәтқалиев бірқатар кездесулер мен келіссөздерді өткізді, олардың қорытындылары бойынша «Innovator Capital Limited» және «Enzen Global Ltd.» компанияларымен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

 «Біз дәстүрлі көмір энергетикасы саласында жаңа технологияларды таңдау мен ендіру мақсатында инновациялар саласында ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіреміз, ол қосылған құнды жоғарылатуға және қоршаған ортаға тигізетін әсерді азайтуға мүмкіндік береді», - атап көрсетеді Алмасадам Сәтқалиев:

Көмірді байыту мен газдандыру бойынша зерттеулер, көмір өндірудің экологиялылығын жоғарылату бойынша жобаларды ендіру, жаңартылатын қуат көздерін дамыту, атап айтқанда ЖЭК-ті басқару жүйелерін және электр энергиясын шоғырлау, SmartGrid жүйелерін біріктіру жүйелерін дамыту жобаларын әзірлеу «Самұрық-Энерго» АҚ үшін тәжірибелік қызығушылық тудырады. Primus Power Corporation америкалық компаниямен бірлесіп Қапшағай қаласындағы қуаты 2 МВт күн электр станциясы базасында EnergyCell энергия шоғырлаушы жүйелерді орнату бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Аталған инновациялық технология ЖЭК қуат көздерін Қазақстанның энергия жүйесіне неғұрлым тиімді бейімдеуге мүмкіндік береді.

Шекті тарифтердің әрекет ету кезеңі үшін 2009 жылдан 2015 жылды қоса алғандағы кезеңде, «Самұрық-Энерго» АҚ тобына кіретін еншілес компанияларға жаңа активтерді құруға, қайта құруға, техникамен қайта жабдықтауға, өндіріс деңгейін және ағымдағы активтерді қолдауға, табиғатты қорғау шараларына шамамен                    480 млрд. теңге, оның 78,4 млрд. теңгесі ағымдағы жылы жолданды. Жаңарту қайта құру нәтижесінде, белгіленген және қолдағы қуат арасында (2 647 МВт-тан 1 686 МВт-қа дейін) үштен бір бөлігінен артық (36%) немесе 961 МВт-ға алшақтықтар қысқартылды. Күл шығарындысының көлемі 3 есеге – 108 мыңнан 36 мың тоннаға дейін азайды.

 

Барлық жаңалықтар