- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе қаласында Қазақстанда ғылыми-техникалық қосымша білім берудің дамуы талқыланады
Ақтөбе қаласында Қазақстанда ғылыми-техникалық қосымша білім берудің дамуы талқыланады
Отырысқа заң шығарушы және атқарушы органдардың, ҚР білім және ғылым, әділет, инвестициялар және даму, ішкі істер министрліктерінің өкілдері, балалардың ғылыми-техникалық шығармашылығы бағдарламаларын жүзеге асыратын жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес және коммерциялық құрылымдардың өкілдері қатысады.
Үйлестіру кеңесінде Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру сұрақтары қарастырылады.
Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығын дамытудың тұжырымдамалық тәсілдерін жүзеге асыру мақсатында өңірлік жоспарлар әзірленді.
Қазіргі уақытта Республикада 28 жас техниктер станциялары мен орталықтары бар, балалар сарайы мен үйірмелерінің ғылым, техника бөлімдерінің 340-тан астам техникалық профильдегі үйірмелері бар, олардың ішінде 7 мен 17 жастағы 28 мыңнан астам оқушы, сонымен қатар 1896 мектеп жанындағы үйірмелерде – 27 344 бала шұғылданады. Ғылыми-техникалық бағыттағы бағдарламалар бойынша жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарында 55 мыңнан астам бала шұғылданады. Балалардың техникалық шығармашылықпен жалпы қамтылуы 2%-ды құрайды.
Үйлестіру кеңесінде ведомствоаралық әрекеттестікті күшейту негізінде ғылыми-техникалық бағыттағы қосымша білім беруді дамытудың жаңа тәсілдерін және ұйымдастыру нысандарын анықтау сұрақтарына басты назар аударылады, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің креативті ойлау қабілеттерін дамыту үшін инновациялық технологияларды қолдану бойынша Ақтөбе қаласындағы техникалық шығармашылық орталығы мен Павлодар қаласындағы Балалар техникалық мектеп жұмысының оң тәжірибесін презентациялау жоспарлануда.
Үйлестіру кеңесіне қатысушылар қорытынды ұсынымдар қабылдайды.
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері