- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЖЭО жабдықтарын жаңғыртты
Астанада ЖЭО жабдықтарын жаңғыртты
Жөндеу жұмыстары аясында ескірген жабдықтар өндіріс қуатын арттыруға және энергия шығынын азайтуға мүмкіндік беретін барынша заманауи қондырғылармен ауыстырылады.
Сөйтіп, 1-ЖЭО-да қуаты 110 Гкал № 7 станцияның қазандық агрегаты мен қуаты 4,0 МВт № 2 станцияның турбиналық агрегатына реконструкция жасалды. «Астанаэнергосервис» АҚ хабарлағанындай, реконстркуция мақсаты - астана ЖЭО-ның сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту. Жаңғыртылған турбина станцияның дұрыс жұмыс істеуін айтарлықтай арттырады және неғұрлым үнемді есептеу режимінде жұмыс жасайды. Реконструкция жасағанға дейін қазандық агрегаты 141 534 сағат жұмыс істеп, 65 Гкал/сағ. жылу жүктемесін орындап келді, ал қазір жүктеме - 110 Гкал/сағ. Жаңа қазандық жабдығының тағы бір атрықшылығы технологиялық үдерісті автоматты басқару жүйесінің болуында. 1- ЖЭО №7 қазандық агрегатын реконструкциялау арқасында жылу энергиясын өндіру 45 Гкал/сағ. артты.
Бұдан бөлек, «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО-да маусым айында қуаты 120 МВт №5 станцияға турбина орнатты. Турбина іске қосылғаннан кейін 2-ЖЭО станциясының белгіленген электр қуаты 120 МВТ-ға артып, 480 МВт құрады. Турбина технологиялық үдерістерді автоматты басқару жүйесін ендіре отырып іске қосылды.
Жаңа жабдықты іске қосу 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ның электр және жылу қуатын арттыруға ғана мүмкіндік беріп қоймайды, сонымен бірге астана тұрғындарын жылумен үздіксіз қамтамасыз ету үшін үнемділік пен сенімділікті айтарлықтай арттырады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды -
Қоғам белсенділері астанадағы аудан әкімдерінің штаттан тыс кеңесшілері болып тағайындалды -
Алматы жолдарын салу кезінде ЖЭО-2 қалдықтары пайдаланылады -
Астанадағы проблемалы объектілердің құрылысын аяқтау үшін 40 млрд теңге бөлінді -
Астанада ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген сессиясы өтті -
Алматы декларациясының 40 жылдығы Астанада аталып өтеді -
Астанада Ауғанстандағы әйелдердің құқықтары талқыланды -
Астанада «Бейбітшілік қабырғасы» ашылды -
Астанада Пабло Пикассо көрмесі ашылды -
Астанадағы ерекше балалар жазғы демалысын қалай өткізуде -
Астанада 2020 жылы ДДҰ-ның 12-ші министрлік конференциясы жазда өтеді -
Астанада Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді -
Азияның медиа диалогы: Халықаралық медиа әлемнің салалық шаралары Астанада