• Басты
  • Жаңалықтар
  • 2015 жылы Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету және суды бұрудың 6 нысаны пайдалануға беріледі

2015 жылы Ақмола облысында сумен қамтамасыз ету және суды бұрудың 6 нысаны пайдалануға беріледі

17 Қараша, 2015 14:06
Ағымдағы жылы Ақмола облысында 14 мың адамды орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сумен қамтамасыз ету және суды бұрудың 6 нысаны пайдалануға беріледі, деп хабарлады аймақ басшысы Сергей Кулагин ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында.

«Біздің жұмысымыздың маңызды бағыттарының бірі халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету. Бүгінде аймақта халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету деңгейі 80% құраса, орталықтандырылмағандардың үлесі - 19% және халықтың 1% ауызсуды арнайы алдырады. Ағымдағы жылы Ақмола облысында  14 мың адамды орталықтандырылған сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін сумен қамтамасыз ету және суды бұрудың 6 нысаны пайдалануға беріледі», - деп мәлімдеді әкім.

Оның айтуынша, сумен қамтамасыз ету және суды бұру жобаларын жүзеге асыруға  3,2 млрд теңге бағытталды.

«27 пункт ауызсуды алдырады, 18 елдімекен бойынша жобалық-барлау жұмыстары аяқталды, 9-ы бойынша жобалық сметалық құжатнама дайын», - деп жалғастырды ол.

Облыс әкімі атап өткендей, жобаларды қаржыландыру халықаралық қаржы институттары арқылы мүмкін.

«Бүгінде біз Көкшетау қаласында ЕҚҚДБ есебінен сумен қамтамасыз ету және суды бұру бойынша 2-3 ірі жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастырудамыз», - деді ол.

Айта кетерлік жайт, 2015 жылы жылумен қамтамасыз ету бойынша 2 қазандықтың құрылысы аяқталады. Алдағы бес жыл ішінде жылу жүйесіне жөндеу, қайта қалпына келтіру және құрылысын жүргізу бойныша міндеттер қойылған.

Бұдан басқа, көгілдір отынды тарту бойынша Көкшетау қаласында үшжылдық бағдарлама жасақталды. Жоспар бойынша 184 газды бөлу қондырғыларын қалпына келтіру қарастырылған. 2016 жылы аталмыш проблема толығымен шешімін табады.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар