• Басты
  • Жаңалықтар
  • Степногорск Қазақстанның өндірістік флагманы болып қала бермек – облыс әкімі

Степногорск Қазақстанның өндірістік флагманы болып қала бермек – облыс әкімі

17 Қараша, 2015 12:52
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин ОКҚ-да Степногорск қаласы Қазақстанның өндірістік өніміндегі үлесі 24 пайызды құрайтынын айтты.

«Қазіргі таңда Степногорск қаласында ірі 6 ұлттық кәсіпорын жұмыс істейді. Нысандарда 6 мың адам қызмет етеді. Еуропалық корпорация біздің қатысуымызбен шар мойынтірек зауытын жаңғырту шешімі қабылданды. Айта кетейік, қазір мәскеулік зауыт жабылды», - деді әкім.

Оның айтуынша, өнімнің 40-тан 2010-ға дейінгі түрін шығару қарастырылған.

«Бұл әлем стандартына сай жаңа мойынтіректер болады. Жақынарада америкалық Timken компаниясымен кездесуіміз  қажет. Жақын арада олар бізбен жұмыс істейді деп үміттенеміз», - деді ол.

Оның айтуынша, 2016 жылы алдын ала 600 тонна партия, 2017 жылы 1000 тонна шығарылмақ.

«Химия зауыты іске қосылды. Күкірт қышқылы жылына 180 мың тонна өндірілді. Пестицидтерді өндіру бөлімі де ашылды», - деді ол.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар