2015 жылы Ақмола облысында 11 жоба негізінде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады

17 Қараша, 2015 12:14
2015 жылы Ақмола облысында 11 жоба негізінде 800 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин мəлім етті.

«ЭКСПО-2017 қарсаңында Ерейментау ауданында алғашқы жел электростанциясы салынды, оның құны 18 млрд теңгені құрайды.  Жыл соңына дейін аудандағы тағы 8 нысан салынады, оның ішінде ет өңдеу зауыты, құс фабрикасы бар. Қазақстан-Германия кәсіпорынының қуаттылығы екі есеге көбейеді. Құс фабрикасының екінші бөлігі салынады, ол 150 млн жұмыртқа данасын шығармақ», - деді әкім.

Айта кетейік, өңірде Индустрияландыру картасы бойынша 605,3 млрд теңгенің 88 жобасы жүзеге асырылды, 142,8 млрд теңгелік 52 жобаның пайдалануға берілуі 5,4 мың тұрақты жұмыс орнын берді. Осы жылы 39,1 млрд теңгенің 11 жобасын іске қосу көзделген. 10 ай ішінде 21,3 млрд теңгенің 3 жобасы жүзеге асырылды.

Жалпы, өңір басшысы атап өткендей, 2015 жылы 11 жобаның жүзеге асуы 800 тұрақты жұмыс орнын береді.

Индира Кауметова

 

Барлық жаңалықтар