Елбасы бірқатар заң жобаларына қол қойды

17 Қараша, 2015 12:08
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар заң жобаларына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы мына құжаттарға қол қойды:

-12 жылдық білім беруді кезең-кезеңімен енгізу, дуальды оқыту, сондай-ақ функционалды сауаттылықты дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту бөлігінде бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға, оның ішінде жария ету мерзімін ұзартуға, жария ету рәсімін жетілдіруге және ынталандыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

- бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға және оңалту мен банкроттық рәсімдерін жетілдіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

 

Барлық жаңалықтар