• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кәсіпорындары 2018 жылға дейінгі жұмыс жоспарын әзірлейді

Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кәсіпорындары 2018 жылға дейінгі жұмыс жоспарын әзірлейді

17 Қараша, 2015 11:26
Қазақстанның тау-кен-металлургиялық кәсіпорындары 2018 жылға дейінгі жұмыс жоспарын әзірлейді, деді Астанадағы халықаралық конференцияда Тау-кен-металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының директоры Николай Радостовец.

«Съезд барысында біз саладағы түпкілікті өзгерістер талқыланып,  ҚР Үкіметі мен кәсіподақтар 3 жылға арналған бағдарламаға қол қояды. Бұл ұжымдық келісімшарттарға әсер етеді», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған құжат тек экономикалық емес, сондай-ақ, кадр дайындау, жаңа мамандар мен қорғаныс, қоршаған орта мәселелерін қарастырады.

Осы орайда атап өтерлігі, конференция шеңберінде 18 қарашада Тау-кен-металлургиялық өнеркәсіп жұмысшыларының VI съезін өткізу жоспарланған. Биыл съез тақырыбы жаңа экономикалық саясат жағдайындағы тау-кен-металлургиялық кешен мәселесіне арналмақ. Оның жұмысына үш жүзден аса сала мамандары қатысады деп күтілуде.

Барлық жаңалықтар