- Басты
- Жаңалықтар
- Францияда қазақстандық әскери теңізшілер суасты аппараттарды қолдануды оқып-үйренді (ФОТО)
Францияда қазақстандық әскери теңізшілер суасты аппараттарды қолдануды оқып-үйренді (ФОТО)
Суасты аппараттары су түбінің бедері, тұнбаның үстіңгі қабатының құрылымы, су түбінде заттар мен бөгеттердің болуы туралы ақпарат жинақтау үшін арналған. Автономды суасты аппараттарының кейбір түрлері үлкен тереңдікке батады және алаңдық түсірілімдер, суасты объектілерін, мәселен, құбырларды мониторингілеу, суасты миналарды іздестіру және залалсыздандыру үшін пайдаланылады.
Қазақстандық әскери теңізшілер суасты аппараттарды өндіру зауытына барды, олардың жүйесі мен білігін зерделеді, одан басқа, теңізде оқу операцияларын, борттық деңгейдегі қызмет көрсетуді жүргізді. Оқу күндерінің бірінде әскери қызметшілеріміз теңізде мина іздеу бойынша толық операцияға қатысты.
Осы суасты аппараттары биылғы жылы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің жарақтандырылуына келіп түседі деп күтілуде. ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері қару-жарағының толықтырылуы армияның жауынгерлік қабілеттілігін арттыруға ықпал ететінін айта кетейік. Жыл сайын ӘТК-нің арсеналы заманауи техникамен жаңартылып тұрады. Соңғы жаңартылған техниканың бірі Невск кеме құрастыру зауытында өндірілген су жаңа мина-тартқыш кораблі болды.
-
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
ҚМ: Әскери ынтымақтастық, жауынгерлік дайындық және әскери білім беру мәселесі -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды