• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда 13 млрд теңге көлеміндегі инвестициялар 2020 жылға қарай ТКШ саласына бағытталады – Өскенбаев

Қазақстанда 13 млрд теңге көлеміндегі инвестициялар 2020 жылға қарай ТКШ саласына бағытталады – Өскенбаев

17 Қараша, 2015 10:59
Қазақстанға 2020 жылға дейін 13 млрд доллар инвестиция тарту бойынша халықаралық қаржы орталықтарымен меморандумдар түзілді. Оның негізгі көлемі ТКШ-ні жаңғыртуға бағытталады, деді Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев «ТКШ-ЭКСПО-2015» халықаралық форумында.

«Елбасы Еуропа елдеріне жасаған сапары барысында ірі инвестицияларды Қазақстанға тартты. Біз халықаралық ұйымдармен бірігіп Қазақстанға 2020 жылға дейін 13 млрд доллар инвестиция тарту бойынша меморандум түздік», - деді Қ.Өскенбаев.

Оның айтуынша, қаржының  негізгі бөлімі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласын жаңғыртуға бағытталады.

«Сондай-ақ, «Нұрлы жол» бағдарламасында жыл сайын жаңа құрылымдар мен инфрақұрылымға 100 млрд теңге бөлінеді. Бүгін таныстырылатын өнім Қазақстанда сұранысқа ие», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар