- Басты
- Жаңалықтар
- С.Романовская: Еліміздегі шағымдардың 70%-ы ТКШ-на қатысты
С.Романовская: Еліміздегі шағымдардың 70%-ы ТКШ-на қатысты
«Шағымдардың 70%-ы тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты келіп түседі. Біз нормативті-құқықтық негіздерді жөнге келтірдік және сол жерде бәрін анық көрсеттік. Басқарманың пәтер иелері корпоративі мүшесі болып табылатын тұрғындарға қызмет көрсетуге ешқандай құқы жоқ екені де сонда айтылған. Алайда іс жүзінде бұл орындалмайды, өйткені бізде басқарма жоқ», - деді депутат.
С.Романовская ПИК-нің тұрғын үйлердің бірінен ескі-құсқы материалдар үшін 1 млн теңгеден жинағаны жайлы оқиғаны да атап өтті. Оның айтуынша, ТКШ модернизациясына қатысты түйіні шешілмеген мәселелер жетіп артылады.
«Бізде қызмет көрсетуді реттейтін ешқандай да стандарт жоқ. Қандай құрылыс материалдары қолданылады, қанша мөлшерде қолданылады, мұның бәрі беймәлім. Біз салыстыру жұмыстарын жүргіздік. Көппәтерлі үйдің тұрғындары өз беттерімен мердігер жалдап үйдің шатырын жөндеуге 3 млн теңге төлеген, ал мемлекет тарапынан жасалғанда бұл істің құны 5 млн теңге болған. Кімдікі дұрыс, кім кінәлі?Мұндай кезде Үкімет әлгіндей арзан бағаға жұмыс істей алмайтындарын алға тартады», - деп нақтылады халық қалаулысы.
Естеріңізге сала кетейік, 11 қазандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы ТКШ модернизациясы бойынша бағдарламалардың орындалуы қарқынының төмен екенін айтқан еді.
«Тұрғындар тарапынан тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жағдайына қатысты шағымдары толастар емес», - деген еді Н.Назарбаев.
-
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Аманжол Әлтай Жолдауда көтерілген мәселелерге қатысты пікірін білдірді -
Сарапшы: Жолдауда жастарға қатысты айтылған үш мәселені атады -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын жүрек» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты -
ІІМ: Кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыс саны 30%-ға қысқарды -
Мәжіліс: Азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғауға қатысты заң жобасы мақұлданды -
COVID-19: Қазақстанда эпиджағдайға қатысты болжам өзгерді -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
ЕАЭО нарығы: Өнім сапасына қатысты заң жобасының мүмкіндіктері