ШҚО-да 55 млрд теңгенің концессиялық жобалары жүзеге асырылуда

17 Қараша, 2015 19:06
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік және жекешелік серіктестік аясында 55 млрд теңгенің концессиялық жобалары жүзеге асырылуда, деп хабарлады облыс әкімдігі.

Бүгінгі таңда концессиялық келісім негізінде Өскемен мен Семей қалаларында 11 балабақшаның құрылыс жобалары іске асырылуда.  

Өскемен қаласында көпсалалы аурухана мен Семейде балалар ауруханасының құрылысына конкурс жарияланды.

Барлық концессиялық жобалардың жалпы құны  – 55 млрд теңге.

Сонымен қатар Өскемен қаласында қосымша бес балабақша салу үшін құжаттар дайындалуда.

Бұнымен қоса Еуропалық даму және қайта құру банкімен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінде банк 24,5 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны іске асырып отыр. Осы қаражатқа Өскемен мен Семей қалаларындағы су құбырлары мен су жүйесін жаңғырту жұмыстары жоспарланып отыр. Аталмыш қалаларда көше жарықтарын энергия үнемдегіш шамдарға ауыстыру мәселесі де қолға алынбақ.  Ал Семей қаласында жылумен қамтамасыз ету жүйелерін жаңғырту бойынша арнайы жобалар іске асырылады деп жоспарлануда.  

Барлық жаңалықтар