ИИДМБ: ШҚО-да 535 ,8 млрд теңгенің 30 жобасы жүзеге асырылуда

17 Қараша, 2015 13:07
Жалпы облыста индустриаландыру Картасы бойынша (екінші бесжылдық 2015-2019) 535,8 млрд. теңгені құрайтын 10,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 30 жоба бар, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Шемонаиха ауданында ҮИИД бағдарламасының бірінші бесжылдық қорытындысы бойынша күнбағыс майын өңдеу және рафинациялау зауыты салынды. Сондай-ақ, автокөлік құралдары үшін тіркегіштер мен жартылай тіркегіштер  цехын ұйымдастыру жобасы іске асырылуда.

Кәсіпорын іске қосылған кезде айына 3 тоннаға дейін жүк көтергіш 50 тіркегіш шығаруға мүмкіндік бар.  Сонымен қатар ауданда ағаш көмір өндірісі мен фанер шығаратын шағын зауыт ашу жобалары қолға алынбақ.

Жалпы облыста индустриаландыру Картасы бойынша (екінші бесжылдық 2015-2019) 535,8 млрд. теңгені құрайтын 10,5 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін 30 жоба бар.  

Сондай-ақ, күн тәртібінде облыстағы мемлекеттік-жеке-меншік серіктестікті дамыту мәселелері қаралды.

Бүгінгі таңда концессиялық келісім негізінде Өскемен мен Семей қалаларында 11 балабақшаның құрылыс жобалары іске асырылуда.  

Өскемен қаласында көпсалалы аурухана мен Семейде балалар ауруханасының құрылысына конкурс жарияланды.

Барлық концессиялық жобалардың жалпы құны  – 55 млрд теңге.

 

Барлық жаңалықтар