Қытайда алғашқы «Қазақстан орталығы» ашылды

17 Қараша, 2015 10:52
Шанхай шет тілдері университетінде Қытайдағы алғашқы «Қазақстан Орталығының» ресми ашылуы болып өтті.Орталықты салтанатты түрде Қытайдағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ш.Нұрышев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Г. Ныгыметов ашты, деп хабарлады «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ.

Шанхайдағы Қазақстан Республикасы Бас консульдігінің, «Болашақ» стипендиясының ресми әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және Шанхай шет тілдері университетінің бастамасы бойынша құрылған «Қазақстан орталығы» шетелдік студенттерді, сондай-ақ  Қытайдың ғылыми қоғамын Қазақстанның тарихымен, мәдениетімен және дәстүрлерімен, оның экономика, ішкі және сыртқы саясат саласындағы жетістіктерімен таныстыратын орынға айналмақ. Жақын болашақты шетелдік студенттер үшін қазақ тілі кафедрасын ашу жоспарлануда.

Қазақстандық орталықты ашу кезінде бүгінгі күні жалпы саны 10 мың адамнан асатын Қытайда оқып жатқан қазақстандық жастарды оқытуға арналған бірегей алаң құру, сондай-ақ олардың арасында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын белсенді жариялау және жылжыту мүмкіндігі маңызды болды.

Қазақстандық орталықты ашу шеңберінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен Шанхай шет тілдері университеті арасында «Болашақ» бағдарламасы бойынша қытай тілдерінің синхрондық аудармашыларын даярлау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Іс-шараға жалпы 150 шақырылған қонақ, оның ішінде Шанхайдағы Ресей, Өзбекстан және Белорусия Бас консулдары, ғылыми қоғамдастықтың, қазақ диаспорасының өкілдері, қытайдағы қазақстандық және шетелстуденттері қатысты.

Барлық жаңалықтар