2016 жылы ПИК «Бір үй - бір басқару - бір ПИК» әдісі бойынша құрылатын болады

17 Қараша, 2015 10:03
Біз тұрғындар мен пәтер иелері кооперативі (ПИК) арасындағы қордаланған мәселелерді шешу үшін «Бір үй - бір басқару - бір ПИК» принціпін енгізгіміз келеді, деп хабарлады ҚР ҰЭМ «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ тұрғын үй коммуналды шаруашылық департаментінің директоры Мадина Мурсакина «Strategy2050.kz» АА берген эксклюзивті сұхбатында.

Бұған дейін хабарланғандай, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ қолданыстағы тұрғын үй коммуналды шаруашылықтың қызметін реттейтін заңнамаға өзгерулер енгізу мәселесін көтерді. Осы ретте, «Strategy2050.kz» АА қазақстандықтарды 2016 жылы бұл салада қандай өзгерістер күтіп отырғаны туралы толығырақ білуді жөн санады.

- Мадина Оралбекқызы, өз сөзіңіздің бірінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ «Бір үй - бір басқару - бір ПИК» принціпін енгізуді көздеп отырғаны туралы айтып қалдыңыз. Сол туралы кеңінен әңгімелеп берсеңіз.

- Бүгінде пәтер иелері мен басқару органдары арасындағы қарым-қатынас шиеленісіп тұр. Әр қожайын көрсетіліп отырған қызмет сапасының төмендігі туралы мәселе көтеруде. Осы қордаланған мәселелерді шешу үшін біз «Бір үй - бір басқару - бір ПИК» принціпін енгізсек деп отырмыз. Ал, ПИК басшыларының біліктілігін көтеру мақсатында органды аттестациялауды енгізуді көздеудеміз. Сонымен қатар, қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында интернет портал енгізіледі, бұдан басқа «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңнамаға сәйкесінше өзгертулерде енгізіледі.

- Бұл жаңашылдық неге сүйене отырып енгізіледі?

- Біз  Эстония, Польша, Германия, Венгрия тәжірибелерін зерттедік. Олардың үй басқару үлгілері біздікімен ұқсас болып келеді, олар «Тұрғын үй қатынасы туралы» заңда көрсетілген. Әр үйде бірлестік құру еуропалық заңнамада өте маңызды, осы бағытты бізде ұстанып отырмыз.  Германия да әр үйде өздерінің бірлестігі болуы шарт, алайда олар бұл үйді басқармайды. Олар кәсіби басқару компаниясын шақырады. Ал , қожайындар жұмыстың сапасын, уақытылы орындалуын және үйдің одан ары жақсаруын қадағылайды. Оның негізі әр үйдің банкте өзіндік есепшоты болады. Бүгінде ПИК 30-40 үйді басқарады, шын мәнінде бұлай болмауы керек.  Бұл дегеніңіз бір үйді күту қаражаты екінші үйге кетуі мүмкін.

- ПИК үшін мұндай ұйымдар жеткілікті бола ма?

- Біз ПИК өз үйін өзі күте алады деп ойлаймыз, алайда тек бір үйді және оның өзінің есепшоты болуы тиіс. Ресейде басқару компанияларына лицензия беріледі, ал біз болса үш жылда бір рет сертификат беруді ұсынып отырмыз. Барлық тұрғын үй кешенін басқару үшін заңнамалық, норматмвті-техникалық құжатты және қаржылай басқаруды білу керек. Қанша дегенмен үй ол техникалық тұрғыда өте қиын нысан.  Оны қыс және жаз мезгілінде қалай күту керек екенін білу керек. Аттестациялаудың бірінші кезеңін  тұрғын үй инспекциясына жүктесе болады, алайда болашақта бұл міндет қоғамдық ұйымдарға  ҮЕҰ берілуі тиіс. Тұрғын үй инспекциясы 2011 жылдан бастап жұмыс сітеп келеді, ол еліміздің барлық аймақтарында бар.

- Басқару органдары үшін аттестациялауды кім төлейді?

- Аттестациялау бюджеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылады, тіпті «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында да өткізіледі. Жалақыны ПИК төлейді. Бүгінде жалақы төлеу бойынша әдістеме бар. Шамамен 30% басқаруға, 70% - үйді күтуге, 30% жалақыға жұмсалады.

- Пик бұл жаңашылдыққа қалай қарап отыр?

- Өскемен, Степногорск, Алматы, Астана қалаларында қоғамдық тыңдаулар өтті. Әрине, қарсылық танытып отырғандар басым. Себебі, ПИК есеп шоттарындағы қаражаттан айырылғысы келмейді. Біз тіпті тұрғын үйдегі кебір нысандар жалға берілетінін, сонымен қатар оған түрлі жарнама ілінетіні туралы әңгіме қозғап отырған жоқпыз. Шын мәнінде бұл табыс және ол үйді күтуге жұмсалуы тиіс. Бүгінде ПИК «Бір үй - бір басқару - бір ПИК» принціпін енгізуге қарсылық танытып отыр. Оның үстіне кондоминиумдарды тіркеу көрсеткіші өте төмен, ал бұл ПИК құрылып жатқанда өте маңызды. Оның үстіне кондомимум үйге заңды дәрежесін беру үшін өте маңызды.

- Біздің елімізде ПИК-тің қызметі заңмен реттеле ме?

- «Тұрғын үй қатнасы туралы» заңда басқару органының нақты қызметі аталып көрсетілмеген. Мысалы, қызметті бақылау бойынша нақты міндеттемелер көрсетілмеген. Сонымен қатар, құқықты бекіту бойынша құжаттарды жинау және өткізу туралы міндеттемелер көрсетілмеген. Міндеттемелер болған жағдайда ғана талапта болады. Осы мәселе бойынша Құрылыс және ТКШ істері бойынша комитетте арнайы жұмыс тобы құрылды. Мәліметтердің өзгеруін тек келер жылы ғана күтіп отырмыз.

- Бұған дейін сіз ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында интернет портал жасақталуда деп хабарладыңыз. Осы мақсаттағы жұмыстар қалай жүруде?

- Бүгінде біз Құрылыс және ТКШ істері бойынша комитетпен және  «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ  интернет порталды енгізу бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Ол пәтер иесі үшінде, басқару органдары мен өзгеде меморгандар үшін бірдей қарастырылатын болады. Қожайын аталмыш сайтта әр тоқсан сайын есеп көре алады, оны басқару органдары ұсынады. Сонымен қатар өтініш беру мүмкіндігі де қарастырылған. Бұл басқару органдарының жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- Барлық жаңашылдықтарды «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ұсынып отыр ма, әлде өзгеде мүдделі органдар бар ма?

- Барлық жаңашылдықтарды «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ ұсынып отыр. Ал, пәтер иелері олардың үйлерін күту үшін арнайы компанияның тартылуына мүдделі болуы тиіс. Бүгінде көріп отырғандай үйдің қажеттілігіне қаражат жиналғанымен нәтиже жоқ.

- Сұхбатыңызға рахмет!

ТКШ жаңғырту бойынша жағдайдын қалай өрбитінін біздің сайттан бақылап отырыңыздар.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар