- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қарулы Күштері жеке құрамының 100%-ы қорытынды тексеріске тартылады (ФОТО)
ҚР Қарулы Күштері жеке құрамының 100%-ы қорытынды тексеріске тартылады (ФОТО)
Оның нәтижелері бойынша әскер түрлері мен тектерінің үздік құралымдары анықталады.
«Іс-шара ауқымды, қатардағы жауынгерден бастап генералға дейін барлық Қарулы Күштерін қамтиды. Әрбір әскери қызметші өзінің далалық дағдысын, 2015 оқу жылында барлық қол жеткізген жетістігін көрсетеді. Тексеру қорытындысы бойынша біз нәтижелерді анықтаймыз, үздік құралымдар, үздік әскери бөлімдер, үздік әскери қызметшілер айқындалады. Тексеріс атыс даярлығы, жауынгерлік машиналарды жүргізу, дене даярлығы, мемлекеттік-құқықтық даярлық және кәсіби мен командирлік даярлықты міндетті түрде білуіне кіретін қалған пәндер бойынша өтеді. Қорытынды тексеріс жыл сайын, жылына бір рет өткізіледі», - деді ҚР ҚК Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаменті Қарулы Күштердің жауынгерлік даярлығын есепке алу және бақылау басқармасының бастығы полковник Абай Жұмағұлов.
2015 оқу жылында Қарулы Күштердегі жауынгерлік сайыстың ұраны «Ұлы Жеңіске деген біздің жетістіктеріміз» болып табылғанын айта кетейік. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қорытынды тексеріс 2015 жылғы қараша айының соңыңа дейін жалғасады. Қорытынды тексерістің нәтижелері негізінде ҚР ҚК әскери бөлімдерінің жауынгерлік әзірлігі мен олардың қойылған тапсырмаларды орындау қабілеттілігін жетілдіру жөнінде әрі қарай бағыттар анықталатын болады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Сайлау-2021: Бақылау комиссиясы қорытынды жасады -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі -
ҚР экономикасы: Бес айда не өзгерді -
АҚДМ қорытындысы: Азаматтық қоғам, ҮЕҰ-нің жұмысы, жастар мен қандастар мәселесі