• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенаттың пленарлы отырысында Жоғары Сот Кеңесі туралы заң жобасы қаралады

Сенаттың пленарлы отырысында Жоғары Сот Кеңесі туралы заң жобасы қаралады

16 Қараша, 2015 17:09
Ағымдағы жылдың 19 қарашасында өтетін Сенат отырысында төрт заң жобасын қарау жоспарланды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев және Палата Бюросының мүшелері қабылдаған Қаулыға сәйкес, сенаторлар «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» конституциялық заң жобасын және Жоғары Сот Кеңесі, сот жүйесі және судьялардың мәртебесі мәселелері жөніндегі конституциялық заңдарға түзетулерді қарауды жоспарлады.

Бұдан басқа «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы және заңнамаға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша түзетулерталқылауға шығарылады.

Бюрода Мәжілістен түскен заң жобалары бөлінді.

Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитеті «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы және заңнамаға мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша түзетулер, сондай-ақ «Көлік құралы паспортының (көлік құралының шассиі паспортының) және өзі жүретін машина мен техниканың басқа түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасыбойынша бас комитет болып белгіленді.

Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне спорттық-бұқаралық, мәдени ойын-сауық және басқа да іс-шаралар өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы пысықтауға берілді.

Барлық жаңалықтар