• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚДБ Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру жобасын қаржыландырады

ҚДБ Қызылорда облысының бес елді мекенін газдандыру жобасын қаржыландырады

16 Қараша, 2015 19:34
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда облсының бес елді мекенін газдандыру бойынша инвестициялық жобасын іске асыру үшін несие желісін ашты, деп хабарлады банк.

Жобаның жалпы құны 24,7 млрд теңге, қажетті қаражаттың 30%-дан артығы Даму Банкімен ұсынылады, несиелендіру мерзімі – 10 жылға дейін. Жоба Ұлттық қордан қорландыру есебінен индустриализацияның екінші бес жылдығы аясында іске асырылады.

Жобаның аясында Қызылорда облысының келесі елді мекендерін газдандыруы іске асырылады: Арал қ., Байқоңыр қ., Әйтеке би кенті, Жаңақорған кенті және Шиелі кенті. Жалпы көгілдір отынмен Қызылорда облысының 190 000 тұрғыны қамтамасыз етілетін болады.

Газ елді мекендерге «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры арқылы келеді. Өңірде шамамен 1297 км газ құбыры, 13 газ тарату бекеті, 174 сөрелік бекеттер салынды.

 «Қызылорда облысы аграрлық-индустриалдық өңір болып табылады және елеулі экономикалық әлеуетке ие. Сонымен қатар облыста қуат ресурстарының күрделі тапшылығы сезілді. Тұрғындар мен коммуналдық кәсіпорындар тұрмыста және өндірісте қымбат сұйылтылған және балон газды, сондай-ақ көмірді пайдаланды. Бұл кәсіпкерлік қызмет пен өнеркәсіптің дамуына кедергі келтірді. Осы әлеуметтік маңызды жобаны мемлекеттің, «ҚазТрансГаз» АҚ және «Бәйтерек» холдингінің қолдауымен іске асыру өңірдің экологиялық және арзан қазақстандық кен орындарынан табиғи газына өтуі үшін сапалы инфрақұрылымды құруға мүмкіндік береді», - деді «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Бас директоры Ибулла Сердиев.

Барлық жаңалықтар