ҚР-да темір жолды диагностикадан өткізудің жаңа жүйесі іске қосылды

16 Қараша, 2015 18:14
ҚР-да темір жолды диагностикадан өткізудің жаңа жүйесі іске қосылды, ол «Торап» автоматтандырылған басқару жүйесі (АБЖ) – инновациялық жобаны жүзеге асыру аясында іске қосылды.

«ҚТЖ»ҰК»АҚ баспасөз қызметінен хабарлағандай, темір жолдың жағдайын заманауи бақылау мобильді диагностикалық кешенді пайдаланумен мен іске асырылады. Аталмыш кешен арнайы вагоннан тұрады және ол жол бойындағы ахуалды анықтауға мүмкіндік береді.

«Ағымдағы жылдың қыркүйек қараша айларының аралығында 7 мың шақырым темір жол диагностикадан өтті, 74 ақауы бар рельс анықталды. Қазіргі таңда ақаулары бар элементтерді алмастыру жұмыстары жүргізілуде», -  деді «ҚТЖ»ҰҚ»АҚ  филиалы «Магистралды желілер дирекциясының» директоры Жарас Ізғұлов.

Барлық жаңалықтар