Сенат төрағасы Қ.Тоқаев Астанадағы Франция Елшілігіне барды

16 Қараша, 2015 17:58
Қ.Тоқаев Франция Елшілігінің көңіл айту кітабына жазбасын қалдырды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы Франция Елшілігіне барып, Парламенттің жоғарғы палатасы депутаттарының атынан Парижде болған террорлық шабуылға байланысты көңіл айтты.

Айта кетейік, сәл ертерек Қ.Тоқаев Франция Республикасының Сенат төрағасы Жерар Ларшеге  көңіл айту жеделхатын жіберген болатын.

 

Барлық жаңалықтар