- Басты
- Жаңалықтар
- Т. Дуйсенова Шымкент қаласының тұрғындарына жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді
Т. Дуйсенова Шымкент қаласының тұрғындарына жаңа Еңбек кодексінің нормаларын түсіндірді
Сонымен қатар, азаматтық қызметшілердің еңбекақы төлеу жүйесіндегі өзгерістер туралы, 2016-2019 жылдарға арналған ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы және әлеуметтік қамсыздандыру жайында айтып берді.
15 қараша күні Министр облыстық онкологиялық диспансерге, кардиологиялық орталық пен балалар емханасына барды.
Бүгін бюджеттік сала қызметкерлерімен кездесу барысында Тамара Дүйсенова Шымкент қаласының тұрғындарына 2016 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін азаматтық қызметшілердің еңбекақысын төлеу жүйесінің жаңа үлгісі туралы айтып берді. Аталған үлгіде азаматтық қызметшілерді біліміне, біліктілігіне, атқаратын қызметінің күрделілігі мен дәрежесіне қарай төрт санатқа бөлу көзделген: ұйымның даму стратегиясы үшін жауап беретін және басқару шешімдерін қабылдайтын басқарушы A блогы; ұйымның негізгі функцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін негізгі B блогы; әкімшілік-құқықтық және шаруашылық функцияларын орындайтын әкімшілік C блогы; қосалқы және техникалық функцияларды іске асыратын қосалқы D блогы.
Министр шымкенттіктерге 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылу нәтижелері туралы әңгімелеп берді. Сонымен қатар, негізгі мақсаты қоғамдық денсаулық жүйесін дамыту, аурулардың алдын алу мен басқаруды жетілдіру, денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру мен басқарудың тиімділігін арттыру, ресурстарды тиімді қолдануды қамтамасыз ету және инфрақұрылымдарды оңтайландыру болып табылатын ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» жаңа мемлекеттік бағдарламасы туралы да айтты. Бағдарламаның негізгі міндеті 2020 жылға қарай Қазақстан Республикасы тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 73 жасқа дейін ұлғайту болып табылады.
Еңбек ұжымдарымен болған кездесуде Тамара Дүйсенова ағымдағы жылдың 5 қарашасында Қазақстан Парламенті қабылдаған ҚР жаңа Еңбек кодексінің негізгі нормаларын түсіндірді.
«ҚР Жаңа Еңбек кодексі мемлекет жұмыскерлерге берілетін кепілдеме мен өтемақының ең төменгі деңгейдегі еңбек стандарттарын анықтап, жұмыс беруші тараптарының бұл міндеттемелерді орындауын қатаң бақылауға алуды қарастырады. Жұмыс беруші мен қызметкердің еңбек қатынастары көп жағдайда жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, жұмысшыны жұмыстан босату, жұмыс уақыты, еңбек шарттары мен оның төлемақысы салаларындағы өзара келісім жасау және ұжымдық шарттардың әлеуетін күшейте отырып, өзін-өзі реттеу қағидаларына сай жүзеге асырылатын болады», - деп хабарлады ол.
Министр жұмыс берушілер үшін жалдау, кадрлардың орнын ауыстыру, қызметкерді жұмыстан босату, еңбек шарттары мен оның төлемақысын анықтау шаралары жеңілдетілгенін атап айтты. Сондай-ақ, негізгі еңбек кепілдемелері мен қызметкерлердің құқықтары бекітіліп, оларды ұжымдық, жеке шарттар мен келісімдерді жасау және қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдар арқылы ұлғайту мүмкіндігі қарастырылған. Қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында кәсіподақтардың рөлі кеңейтілді, оның ішінде жақында қабылданған «Кәсіподақтар туралы» Заңда қарастырылған мүмкіндіктер де есепке алынды.
Қазақстан Парламентінде ағымдағы жылдың 5 қарашасында мақұлданған «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңнамасында жұмыс берушілерге қызметкерлердің жалпы санынан 2-4% құрайтын мүгедектерді жұмысқа қабылдау үшін арнайы жабдықталған жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген квоталарды енгізуді міндеттеу қарастырылады. Сонымен қатар, мүгедектердің жұмыс орнын қажетті арнайы құралдармен жабдықтауға арналған жұмыс берушінің шығындарын мемлекеттің субсидиялауы ұсынылады.
Өз кезегінде, мүгедектерді шамадан тыс жұмыстар атқаруға тыйым салуды сақтау қарастырылады. Жұмыс уақыты мен қысқартылған жұмыс уақытының жалпы есеп (аптасына 36 сағаттан кем емес) нормалары өзгеріссіз қалады.
Қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары, облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының өкілдерімен болған кеңесуде Тамара Дүйсенова азаматтарды еңбекпен қамту мәселелерін талқылады. Ол аймақтық жұмыспен қамту кешенді жоспарының аясында 311,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын, бұл жоспарланған көрсеткіштің 102% құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ, «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының аясында 118,3 мың адам жұмыспен қамтылды.
Министр жергілікті атқарушы органдарына әрбір жұмыспен қамтылған азаматқа зейнетақы аударылымдарының түсіп тұруын бақылау қажеттілігін атап айтты.
Сонымен қатар, Тамара Дүйсенова ҚР ДСӘДМ Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының облыстық филиалы мен бөлімшелерінің, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті аймақтық департаменттерінің, медициналық-әлеуметтік сараптау бөлімдерінің, еңбекті қорғау бойынша республикалық ғылыми-зерттеу институты филиалының басшыларымен, сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтармен, зейнеткерлермен, үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу барысында арнайы әлеуметтік көмек туралы түсіндіріп берді.
Естеріңізге сала кетейік, 10-11 қараша күндері Министр Астана қаласында түсіндіру кампаниясын өткізген болатын. Қараша айының соңына дейін Тамара Дүйсенова жұмыс сапарымен Ақтөбе және Павлодар қалаларына барады.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады