- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті: Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартудың негізі
ҚР Президенті: Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру қазақстандықтардың өмір сүру жағдайын жақсартудың негізі
А.Мырзахметов кездесу барысында Елбасыға Саяси кеңестің соңғы Бюро отырысында айтылған тапсырмалардың орындалу барысы, сондай-ақ партияның негізгі бағдарламалары туралы баяндады.
Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібіндегі мәселелердің көптігіне байланысты келесі жылы «Нұр Отан» партиясының алдында ауқымды жұмыстар тұрғанын атап өтті.
«Мен бастамашылық еткен бес институционалдық реформаны жүзеге асыру аясында сексенге жуық заң қабылданады. Келесі жылдың басынан «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыруға кірісеміз. Осыған байланысты партияның алдында өте үлкен жұмыстар тұр», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы сондай-ақ әлемде қалыптасқан геосаяси жағдайды ескере отырып, алдағы реформалардың маңыздылығын айтты.
«Әлемдегі ахуал қазір күрделі, біздің өңірде де тыныш емес. Осының бәрі бізге ықпал етпей қоймайды. Болып жатқан оқиғаларды назарға ала отырып, халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Осындай қиын кезеңде бізге күрделі реформаларды жүзеге асыруға тура келеді. Мұның бәрі халықтың игілігі үшін жасалуда. Қазіргі жағдайдың қиын екеніне қарамастан, реформаларды жүзеге асыру болашақтағы игіліктің негізін қалау үшін қажет. Алдағы реформалар күрделілігі жағынан біздің 90-жылдардың басында жүргізген реформаларымыздан кем түспейді. Осыған байланысты «Нұр Отан» партиясына барша түсіндіру жұмыстарын өз мойнына алуды тапсырамын», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырмалар берді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
«Бастау Бизнеске» 5 жыл: Жоба түлектері тәжірибесімен бөлісті -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын