ҚР Премьер-Министрі бірқатар министрліктердің жұмысына сөгіс жариялады

5 Қараша, 2013 11:23
Бүгін, 5 қазан Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов бюджеттік қаржының игерілмеуіне жол берген бірқатар лауазымды тұлғаларға сөгіс жариялады.

«Бюджеттік қаржыны игермеу мәселесі өткен аптадағы отырыста талқыланды, ол бюджетті нақтылау бойынша шешім қабылданғанда қаперге алынды. Мен қаржының игерілмеуіне жол берген лауазымды тұлғаларды жазаға тарту бойынша бірінші басшыларға тапсырма берген едім. Мұндай ұсыныстар түсті. Сондықтан мен денсаулық сақтау вице-министрі Тәкежановқа, ауыл шаруашылығы вице-министрі Толыбаевқа, қаржы вице-министрі Теңгебаевқа сөгіс жариялаймын», - деді Премьер-министр.

Сонымен қатар, бірқатар комитеттердің төрағалары мен лауазымды тұлғалары жазаға тартылды.

Премьер-министр мемлекеттік бағдарламалардың тиісті деңгейде орындалмай жатқанын сынға алып, индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі Альберт Рауға сөгіс жариялады.

 

 

Барлық жаңалықтар