- Басты
- Жаңалықтар
- Ақмола облысында 2015 жылы Астана маңындағы азық-түлік белдеуі аясында 14 жоба жүзеге асырылады
Ақмола облысында 2015 жылы Астана маңындағы азық-түлік белдеуі аясында 14 жоба жүзеге асырылады
Олардың ішінде 2 – репродуктор шаруашылығы, 2 – құс фабрикасы, 5 – астық сақтау қоймасы, 1 – бидайды өңдеу бойынша зауыт, 1 - жылыжай, 1 - жылыжай кешенін кеңейту, 2 – элеватор кешені.
Қазіргі таңда 6 жоба жүзеге асырылды: астық және майлы дәнді дақылдарды сақтау және өңдеу бойынша кәсіпорын құрылысы «Ақмола Бидай» ЖШС 1,2 млрд теңгеге; астықты қабылдау, сақтау, тазарту және 24,6 мың тонна астық пен майлы дәнді дақылдарды жөнелту бойынша астық сақтау қоймасының құрылысы «Алтын Дән»ЖШС 1,2 млрд теңгеге; 10 мың тоннаға дейін астықты сақтау қоймасының құрылысы «Арна»НҚП»ЖШС; сыйымдылығы 21 мың тонна НҚП құрылысы «Ринар»ЖШС; сыйымдылығы 20 мың тонна астық сақтау қоймасының құрылысы «Родина»АФ»ЖШС; астықты қабылдау, сақтау, тазарту және 30 мың тонна астық пен майлы дәнді дақылдарды жөнелту бойынша астық сақтау қоймасының құрылысы «Пигас» 587,1 млн теңгеге.
Ауыл шаруашылығы тауарын өңдеу саласында 319 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде , өндірістік қуаттылығы жылына 19,0 мың тонна 15 етті қайта өңдеу өндірісі; өндірістік қуаттылығы жылына 132,6 мың тонна сүт өнімдерін өңдеу бойынша 14 кәсіпорын, өндірістік қуаттылығы жылына 954,0 мың тонна 55 ұн тарту кәсіпорны; өндірістік қуаттылығы жылына 89 мың тонна нан тоқаш өнімдерін пісіру бойынша 220 кәсіпорын; өзге өнімдердің өндірісіне арналған 15 цех.
Статистика департаментінің мәліметі бойынша, 2015 жылдың 10 айында 42,5 млрд теңгенің азық түлік өнімі өндірілді.
Ет өнімдерінің өндірісінде өсім байқалады, ол 6,1 млрд теңгені құрады (2014 жылдың сәйкесінше кезеңінмен салыстырғанда 124,2%), сүт өнімдері – 11,3 млрд теңге (2014 жылдың сәйкесінше кезеңінмен салыстырғанда 101,3%), ұн - 12,9 млрд теңге (90,1%), өсімдік майлары – 245,7 млн теңге (70,7%).
Өндіріс құрылымындағы басым үлес бидайды қайта өңдеу саласына тиесілі – 30,3%, сүт – 26,5%, ет өңдеу – 14,3%, нат және нан-тоқаштар – 8%, өзге салалар - 20,9%.
Аймақтың ауыл шаруашылығы тауарын өңдеушілер ағымдағы жылдың 6 қарашасындағы жағдай бойынша елорда нарығына 56,9 мың тонн сүт өнімдерін (өсім 9,6%), 19,2 мың тонн ет өнімдерін (өсім 9,3%), 176,2 млн дана жұмыртқа (өсім 9,2%) өткізді.
Айта кетерлік жайт, Астана маңындағы азық-түлік белбеуі аясында Ақмола облысында шамамен 100 қайта өңдеу кәсіпорыны іске қосылды.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары