• Басты
  • Жаңалықтар
  • Көкшетауда Мәлік Ғабдулиннің 100 жылдығына арналған спорттық шаралар өтуде

Көкшетауда Мәлік Ғабдулиннің 100 жылдығына арналған спорттық шаралар өтуде

16 Қараша, 2015 20:43
Көкшетауда WTF таэквондо бойынша арнайы мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде Кеңес Одағының батыры, академик Мәлік Ғабдулиннің 100 жылдығына арналған біріншілік өтті, деп хабарлады Ақмола облыстық ішкі саясат жанындағы «Ақмола медиа орталығы».

Шараға 2007-1998 жылдары дүниеге келген 93 спортшы қатысты. Олар Астана, Щучинск, Макинка, Бурабай, Новоишимовка мен Көкшетаудан жиналды.

«Турнир өте жоғары дәрежеде өтті», - делінген хабарламада.

Спорттық шараларды Көкшетау қаласының БЖСМ мен Ақмола облысының WTF таэквондо федерациясы өткізді.

Турнирдің қорытындысы бойынша кубоктар номинация бойынша берілді. «Үздік спортшы» номинациясында Өтеген Нұртас, «Үздік техника» Бірлік Ерсұлтан, «Жеңіске ұмтылғаны үшін» Ғаббас Темірлан марапатталды.

 

Барлық жаңалықтар