• Басты
  • Жаңалықтар
  • Отандық кәсіпорындар «Самұрық-Қазына» ұзақмерзімді келісімшартының нәтижесінде жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік алды

Отандық кәсіпорындар «Самұрық-Қазына» ұзақмерзімді келісімшартының нәтижесінде жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік алды

16 Қараша, 2015 12:23
Отандық кәсіпорындар «Самұрық-Қазына» ұзақмерзімді келісімшартының нәтижесінде жаңа технологияларды енгізуге мүмкіндік алды, деді «Интеграциялық үдерістер жағайында Қазақстан тауар өндірушілерін қолдау» тақырыбында өткен ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев.

«ҰКП-мен өзара меморандумдарға қол қойылғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң біз күн сайын ұзақмерзімді келісімдермен жұмыс істейміз. Бұл міндет тауар өндірушілерді қорғаудың негізгі көзі болып табылады. Біз келісімдерді 10 жылға дейін  ұзартуды көздеп отырмыз», - деді «Самұрық-Қазына Конракт» ЖШС бас директоры Серікбек Елшібеков.

Өз кезегінде, Н.Әлтаев 2015 жылдың басынан бері «Самұрық-Қазына» жүйесі бойынша ұзақмерзімді келісім бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Біздің рөліміз – ұзақмерзімді келісімшартты жүзеге асыратын тауар мен қызметерді қарастыру», - деді ол.

Ботагөз Айтжанова

 

 

Барлық жаңалықтар