- Басты
- Жаңалықтар
- Астана әкімдігі елорданы басқарудың жаңа үлгісін бекітті
Астана әкімдігі елорданы басқарудың жаңа үлгісін бекітті
Бірқатар мемлекеттік мекемелер атқаратын қызметтерін бөлу және қосу арқылы қайта құрылды. Әкімдікке қарасты бөлімшелер құрылымы 30-ға дейін қысқартылды.
Атап айтқанда, Жер қатынастары басқармасы Жер инспекциясымен, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы - Еңбек инспекциясымен біріктірілді. Коммуналдық мүлік бойынша функциялар Мемлекеттік сатып алулар басқармасына берілді.
Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы екіге бөлініп, бірі жол салумен, ал екіншісі көлік ағындарын реттеумен айналысатын болды.
«Астана - жаңа қала» АЭА басқармасы негізінде Инвестиция және даму басқармасы құрылды. Оған туризм саласындағы функциялар қоса берілді.
Жаңа басқармаларға негізінен бұрынғы басшылар қайта тағайындалды. Жаңадан құрылған Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы болып Сүлейменов Еділ тағайындалды. Ол бұрын Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары болып қызмет атқарған болатын.
-
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жаңа жолдау: Мемлекет басшысы қандай жаңа бастамаларды атады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы